Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Ақтық деміне дейін бірге болам": 11 мысығымен бірге саяхатқа шыққан ер адам көптің назарына ілікті

AstanaTV
28.03.2023ж. 17:19
938
"Ақтық деміне дейін бірге болам": 11 мысығымен бірге саяхатқа шыққан ер адам көптің назарына ілікті
сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Арбалы мотоциклде 11 мысығымен саяхаттап жүрген Таиланд тұрғыны көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Mothership-ке сілтеме жасап. Чувонг Тепконы көпшілік "Самсен аға" деп атайды. Жуырда Чувонг жыл сайын ұйымдастырылатын жайма базарда әшекейлер сату үшін Бангкоктан Коратқа сапар шеккен болатын.

300 километр

18 наурызда Facebook әлеуметтік желісіндегі Kingdom of Tigers парақшасында мысықтарымен танымал болған Тепко жайлы жазба жарияланды.

Жазбадағы ақпаратқа сенсек, ер адам мысықтарымен бірге 300 километрлік саяхатқа шыққан. Жазба авторы желі қолданушыларын Тепконы кездестіріп қалған жағдайда, оған қолдау көрсетіп, мысықтарға арналған жем беруді сұраған.

Кей адамдар мысыққа арнайы тамақ, ойыншықтар және басқа да қажетті заттарды беріп, көмек көрсеткен. Ал Facebook-те мысықтар туралы танымал парақша Kingdom of Tigers Чувонгқа мысықтарымен саяхаттауы үшін тіпті қаражат жинап, арбасы бар мотоцикл сатып алып берді. Бес сағаттық жолда Тепко мен оның мысықтарын тіпті Кораттағы құтқару тобы қалаға дейін жеткізуге көмектесіп, 19 наурызда олар Коратқа аман-есен келді.