Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елена Рыбакина қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды

AstanaTV
28.03.2023ж. 15:49
951
Елена Рыбакина қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды

Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина биыл қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

OptaAce ресурсынан мәлім еткендей, қазақстандық теннисші бұл бірегей нәтижеге АҚШ-та өтіп жатқан Майами мастерс турнирінде қол жеткізді.

Е.Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен өткен матчта 14, испаниялық Паула Бадосамен болған ойында 12, бельгиялық Элиза Мертенспен бәсекеде 10 эйс жасады.

Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасады.