$498.55 €524.28 ₽4.75
×

"Америкада көптеген банктер банкроттыққа ұшырау тәуекелінің алдында тұр", - экономист

28.03.2023ж. 20:00
944
"Америкада көптеген банктер банкроттыққа ұшырау тәуекелінің алдында тұр", - экономист

Доллар қайта қымбаттай бастады. Шетел валютасының құбылуына не себеп? Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласына бөлінетін қаржы 5 есеге артпақ. Үкімет басшысы кешенді жоспардың қашан қабылданатынын айтты. Осы және өзгеде ақпараттар экономика топтамасында.

Елімізде биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласына бөлінетін қаржы 5 есеге артады. Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Оның айтуынша, кешенді жоспар отандық тұқым шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ салаға инвестициялар мен озық инновациялық шетелдік технологиялар мен селекция мен тұқым шаруашылығының әдістерін тартуға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар сәуір айында қабылданады.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясына бөлінген қаражат көлемі ұлғайтылды. 2024 – 2026 жылдары 5 есе яғни 1,5 млрд теңгеден 7,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Қазақстанда алтын бағасы соңғы екі аптада 12 процентке қымбаттады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді. Бүгінгі күні бағалы металлдың 1 граммы 29 мың 347 теңгеге саудаланып жатыр. Алтынның бірден 3 мың теңгеге қымбаттауы айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Соңғы рет оның құны 1 жыл бұрын, 29-шы наурызда көтерілген еді. Мамандар мұны Америка банктерінің проблемаларымен байланыстырады. Инвесторлар активтеріне қауіп төнген сәтте алтынды қорғаныш құралы ретінде пайдалануды жөн көрген. Яғни, нарықта алтынға сұраныс артып, сәйкесінше баға да әп-сәтте өсіп шыға келді

Доллар қайта қымбаттай бастады. Қор биржасында бүгін шетел валютасы 458 теңге болып бекітілді. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453– 456 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр. Бұған Американың орталық банкі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін 0,25 пайызға көтеруі себеп дейді,- экономист Мақсат Халық. Оның сөзінше, қазір Америкада көптеген банктер банкроттыққа ұшырау тәуекелінің алдында тұр. Сондықтанда АҚШ-тың орталық банкі долларға қатысты пайыздық мөлшерлемені тағы да көтеруі мүмкін дейді. Бұл өз кезегінде Америкадағы инфляцияның алдын алды. Алайда салдарынан дамушы елдерде доллардың құны алдағы уақытта нығайа түсуі әбден мүмкін дейді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Федеральді резервтер жүйесі тағы да қосымша доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін көтереміз дегендей үлкен сигнал берді. Бұл деген сөз алдағы уақытта доллар өзінің қарамағындағы 5 резервтік валюта бар оғанда қатысты құнын арттырады деген сөз жәнеде дамушы елдер валютасына қатысты құны әлде қанша қымбаттайды деген сөз.