Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысында үш бірдей ауылдың халқы мал жайып, егін егетін жер таппай отыр

28.03.2023ж. 20:00
1475
Түркістан облысында үш бірдей ауылдың халқы мал жайып, егін егетін жер таппай отыр

Түркістан облысында үш бірдей елдімекеннің халқы өріске мал өргізе алмай отыр. Жайылым тапшы, егін егетін жер жоқ. Айтуларынша, ауылда онсыз да күнкөріс қиын. Жұмыс жоқ. Елдімекен маңайындағы жер телімдерін әркім иемденіп алған дейді. Соны халыққа қайтарсын деп талап етіп отыр. Өңірден-Айзада Төребекқызы.

Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдык округінің тұрғындары төрт күннен бері егістік басында өріп жүр. Тіпті далаға түнегендері бар. Арнайы техникалардың жер жыртуына қарсымыз дейді олар. Айтуларынша, жүздеген гектарды иемденгендер бұл төңіректің тұрғыны емес. Сонда да жерге қолы жетіп, жергілікті халыққа не жем-шөп, не жұмыс бермей отырған көрінеді. Мал да жая алмаймыз дейді.

Оңалбай ИБРАГИМОВ, ТАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір адамда 2 мың гектар бар. Ал мысалы үшін осы жердегі халықтардың Тасқұдық ауылы тұрғындарының онда ешқайсысы жұмыс істемейді. Өздерінің атына рәсімдеп алғанда. Ал біз осы Тасқұдық ауылының халқы жұмыссызбыз.

Көкұлы ШЕРІМБЕТОВ, ТАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылымызда 120-дай отбасы тұрады. Ауылда шағын 15-20 адам істейтін мектеп бар. Қалған халықтың бәрі -жұмыссыз. Е мал жаятын жайылымымыз жоқ, е бір жұрт құсап егін егіп күнкөретін егістік жер жоқ. Жайылым жоқ.

Тұрғындар бұл мәселені былтырдан бері көтеріп жүргендерін айтады. Атқамінерлердің бәрі хабардар. Бірақ, мәселе шешілер емес.

Қалмат СЕЙІТБЕКОВ, САРЫСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі баламда жүзшақты мал бар, майда мал. Соны ауылда жайылым жоқ, қойшыларға апарып бақтырамыз. 400 теңгеден қойдың басына береміз, қозының басына береміз.

Жанқожа ДОСПАНБЕТ, САРЫСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жердің бәрін қалталылар ап қойғанда, малымыз түссе қамайды. Бермейді. Штраф салады. Мен бес жерге арыз жаздым былтыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Егістігін қызғыштай қорығандай айналдыра осындай орларды қазып тастаған. Мұндай шұңқырдың ұзындығы мыңдаған шақырым. Ал тереңдігі екі метрден асады. Мұнда түскен мал тұрмақ, жоқ іздеген бірлі жарым адамның өздігінен шығуы да екіталай.

Ал жер егелерінің айтуынша, бәрі заңды. Қолында мемлекеттік актісі бар.

Нұржан САДЫРБАЙ, ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ЗАҢГЕРІ:

Бұл осы оқиғаға дейін 2005 жылдан бері ешқандай азаматтық дау болмаған. Құқықтық қатынастарымыз жоқ ол кісілермен. +ауыл тұрғындарының пай үлестік жерлерін біз алған емеспіз.

Нұрполат ТАЛИПОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұлардың бәрі уақытысында аудандық әкімдігінің қаулысымен алынған. Жылда олар өздерінің салықтарын төлеп келе жатыр. Бұл жерде кәсіпкерлікпен айналысып жатқан кәсіпкерлер ғой бұлар енді.

Үш ауылдың төңірегіндегі телімдерді игеру заңдылығын енді жауаптылар тексереді. Ал әзірге көктемгі дала жұмыстары тоқтатылды.