$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін толық орындап отырған жоқ - Президент

AstanaTV
29.03.2023ж. 10:45
832
Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін толық орындап отырған жоқ - Президент

Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін толық орындап отырған жоқ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Ашығын айтсақ, агроөнеркәсіп кешені бұл міндетті толық орындап отырған жоқ. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп», - деді Мемлекет басшысы.

Президент кепілдік қамтамасыз етуге талаптың жоғары екендігін атап өтті. Агробизнесті қорландырудың балама құралдары баяу дамып келе жатқандығына назар аударды.

«Бұл азық-түлік инфляциясы динамикасына теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті», - деді Президент.