Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керегін айтты.
«Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл – айдан анық нәрсе. Сол себепті, Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек. Депутаттар осы заң жобасына мен береді деп ойлаймын», - деп мәлім етті Президент VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Үкіметке өз әлеуетіміз шегінде ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібіндамытуды тапсырды.