$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

30.03.2023ж. 20:00
985
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Павлодар облыстық мәслихатының алғашқы сессия өтті. Жаңа мандатқа 32 депутат ие болған. Оның 16-сы бір мандаттық жүйе бойынша сайланса, қалғаны партиялық тізіммен таңдалды. Олардың 13-і өткен шақырылым депутаты. Жаңа құрамда әртүрлі саланың өкілдері бар. Басым көпшілігі коммерциялық ұйымдарда жұмыс істейді. Депутаттардың орташа жасы 49. Ең жасы 34-те. Жиында халық қалаулыларына төсбелгілер мен куәліктер табысталды. Шара аясында мәслихат төрағасы да сайланды. Бұл лауазымға депутаттар бірауыздан «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченконы лайық деп таныды. Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың да жетекшілері бекітіліп, депутаттар 7 сала бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

Асылбек ТУҒАНБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Осы құраммен Алла қаласа, алдағы уақытта бүкіл сайлау уақытында айтылған елдің талап тілектері, өтініштері бір жүйеге келтіріліп, сол өтініштерді ақырындап орындауға барлық күшімді саламын деп сенемін. Барлық әріптестеріме сәттілік тілеймін.