Шымкент тұрғыны 9300 АҚШ долларын айналымға салған. Оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті әшкереледі. Күдікті былтыр 100 долларлық банкноттарды өткізу кезінде ұсталған. Сот үкімімен ол 10 жылға сотталды.
Камилхан ИСМАИЛОВ, ҚАЛА БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Күдікті тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданған болатын. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, азамат Э. ҚР ҚК-нің 231 бабы 2 бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылған, оған түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.