Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ деректерді басқару мен ақпараттық қауіпсіздікке ерекше ден қойып отыр

AstanaTV
15.09.2016ж. 20:00
2184
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ деректерді басқару мен ақпараттық қауіпсіздікке ерекше ден қойып отыр

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры деректерді басқару мен ақпараттық қауіпсіздікке ерекше ден қойып отыр. Қордың бастамасымен Астанада ІІ Халықаралық IT форум өткізілді, онда шетелдік және отандық сала мамандары бас қосты. «Самұрық-Қазына» қорының трансформация бойынша басқарушы директоры ауқымды инвестицияны қажет етпейтін сервистік модель жүйесі енгізіліп жатқанын хабарлады.

Адамас Илькявичус, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформация және арнайы жобалар бойынша басқарушы директоры:

Бұл жүйе бойынша - компания жобаға салмақты инвестиция салмайды. Оның орнына жеңіл шешімдер қабылдайды. Оларды тез әрі оңай қарастырып, керек болса жылдам бас тартуға болады. Сервистік модель  жүйесі мол қаржы жұмсауды қажет етпейді. Бұл мүлдем жаңа көзқарас. Басқарушылар тарапынан да  біліктілікті талап етеді.

Сондай-ақ It қызметкерлер әкімші ғана емес, операциялық командаға айналу керек. Сатып алушы ретінде отырып қалмай, бизнес шешімдерді реттей білуі маңызды.

Питер Айкен, деректерді басқару бойынша халықаралық компания басшысы, АҚШ:

Қазақстанның IТ саласына тән проблема - ортақ жүйенің жоқтығы. Әр түрлі ақпараттық, технологиялық жүйелер бар. Тек арасында байланыс нашар немесе мүлдем жоқ. Сондықтан оларды біріктіруге көңіл бөлу керек. Барлық жүйе бірге жұмыс істесе, бизнестің тиімділігі артады.

Форум барысында IТ көрме ұйымдастырылды. Соны технологиялар мен басқаруды жеңілдететін тың бағдарламалар ұсынылды.