$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрімен кездесті

AstanaTV
15.09.2016ж. 20:00
3530
Президент Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрімен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрі Джон Цангпен кездесті.  Басқосуда «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Джон Цанг Қазақстанмен тиімді келіссөздер жүргізіп, күн тәртібіндегі барлық мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізілгенін айтты. Қазақстан президентіне көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, өзара серіктестік байланыстар ынтымақтастықтың негізі болып саналатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы бұл сапардың маңыздылығына тоқталды. Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларындағы тәжірибесінің құндылығын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Гонконгтың ынтымақтастығы табысты боларына сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я приветствую ваш визит в Казахстан. Нам очень важно сотрудничество с Гонконгом. Ваше желание участвовать в Международном финансовом центре. Это особо важно. Особо почетно, потому что Гонконг - один из важных мировых финансовых центров. А мы только становимся, и нам нужен ваш опыт. И, вообще, инвестиция вашей страны и наше сотрудничество в общем объеме наших добрых отношений с Китайской Народной Республикой - это все будет в русло.