$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Маңғыстаудың жолын жауып тұрғандар аштықты тоқтатты

AstanaTV
02.04.2023ж. 19:21
1318
Маңғыстаудың жолын жауып тұрғандар аштықты тоқтатты

Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштықты тоқтатты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін олар райынан қайтты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сәуірдің 1-нен 2-не қараған түні жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін Жетібайдағы жұмыссыздар акциясын аяқтады. Әкімдік, қоғам белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін шешу жұмыстарын жалғастырады", - деп атап өтті ведомстводан. Еске салайық, бұған дейін Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары мұнай компанияларына жұмысқа орналастыруды талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шыққан болатын. Алдымен олар жергілікті әкімдік ғимаратының жанына жиналып, кейін жолды жауып, аштық жариялады.