Ақмола облысының тумасы Петропавл қаласында 19 жастағы қызды сауна мен қонақ үйлерде қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатып жіберген. Ішкі істер министрлігі сексуалды құлдыққа түскен қыздың Қостанай қаласының тұрғыны екенін мәлімдеді. Оны әлеуметтік желі арқылы алдап, жұмыс тауып беремін деген. Петропавлға шақырып, қоқан-лоққы көрсетіп, жыныстық қызметке мәжбүрлеген. Белгілі болғандай адам саудасымен айналысқан азамат желі арқылы көбіне материалдық қиындыққа тап болған, толық емес отбасынан шыққан, кәмелетке толмаған қыздарды іздеумен айналысқан.
Қанат НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша тіркелген. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды.