Батыс Қазақстан облысында экспедиторды тонаған қарақшылар қамауға алынды. Олар Бәйтерек ауданында экспедитордың 2 миллион теңгеге жуық ақшасын тартып алған. Жәбірленушінің айтуынша, шабуыл жасаған екі адам жүзін тұмшалап, бетперде киіпті. Қорқытқанына көнбеген экспедиторды соққыға жыққан олар ақшаны алып ізін суытқан. Бірақ оңай олжаға кенелген қарақшылардың қуанышы көпке созылмады. Егер кінәсі толық дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Болатбек НҰРҒОЖИН, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Хабарлама алысымен полиция қызметкерлері «Тосқауыл» жоспарын енгізіп, нәтижесінде сағат 16.00 шамасында 1996 және 1997 жылы туған күдіктілерді ізін суытпай ұстап, тергеу изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.