Елімізде кадрлық ауыс-түйіс жалғасуда. Мемлекет басшысының өкімімен Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. Ал Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі болып тағайындалды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова өз орнында қалды. Әділет министрі Азамат Есқараев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, экология министрі Зүлфия Сүлейменова да өз лауазымына қайта тағайындалды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев та жұмысын жалғастырады.