Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбылда жойқын желден 6 ауыл жарықсыз, екі ауыл газсыз қалды

04.04.2023ж. 20:00
673
Жамбылда жойқын желден 6 ауыл жарықсыз, екі ауыл газсыз қалды

Жамбыл облысы Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жойқын желден 6 ауыл жарықсыз, екі ауыл газсыз қалды. 3 мектеп пен бір балабақшаның шатыры ұшып кетті. 4 күн бойы тоқтаусыз соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Тек бүгін сәл саябырсыды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір көшелер қираған талдардан тазартылуда. Электр желілері мен құлаған құбырларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Нұрболат САТЫМҚҰЛ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда аталған ауалдардың барық жарығы және газы іске қосылды. Аудан әкімінің үкімімен жергілікті төтенше жағдай жариялау бойынша шешім қабылданды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жалпы келтірілген шығын көлемі есептелуде.