$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп сотта кінәсін мойындамады

AstanaTV
05.04.2023ж. 11:30
636
АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп сотта кінәсін мойындамады

Дональд Трамп Манхэттендегі сот ғимаратында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Оған барлығы 34 бап бойынша айып тағылған.

Euronews ақпараттық агенттігінің жазуынша, сот отырысын түсіруге тыйым салынды. Бұрынғы президенттің адвокатының сөзінше оған кісен салынбаған (ол бұрынғы мемлекет басшысы мәртебесіне байланысты АҚШ Құпия қызметінің тұрақты қорғауында) және тыңдаудың өзі Манхэттеннің прокуроры, демократ Элвин Брэгг айыптарды оқыған бірнеше минутқа ғана созылды.

Трамп Нью-Йоркке Флоридадан келді, қазір ол – АҚШ тарихында органдар тұтқындаған алғашқы экс-президент. 2024 жылы билік басына қайтып оралуды көздеп жүрген экс-президентке алаяқтық жасады деп айып тағылып отыр. Атап айтқанда, 2016 жылғы президенттік науқан кезінде Трамптың адвокаты Майкл Коэн үгіт-насихат қаражатынан порно актриса Сторми Дэниэлске тың ақпараттарды жарияламауы 130 мың доллар төлеген.

Таңертеңнен бастап Трамптың жақтастары мен қарсыластары қоршаумен бөлінген сот ғимаратының алдында өзара дауласып тұрды. Өз кезегінде полицейлер бүлікшілердің кез келген әрекетіне дайын болды.

Магнаттың айтуынша, ол 2020 жылғы президенттік сайлауда «жеңісін ұрлаған» президент Джо Байденнің демократтары ұйымдастырған айласының құрбаны болды.

Сондай-ақ, Дональд Трамп бірнеше басқа тергеулердің де фигуранты, атап айтқанда оны 2021 жылдың 6 қаңтарында капитолийге жасалған шабуылды ұйымдастырды деп айыптауда.