Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев президенттік сайлауға кандидат
ретінде ұсынылды. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап,
"Sputnik Өзбекстан" сайты хабарлады. Комиссия хабарламасында
"Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы саяси кеңесінде Шавкат
Мирзиеевтің кандидатурасы ұсынылды" деп жазылған.
Еске салайық, екінші
қыркүйекте Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов көз жұмды. Мемлекет
басшысының міндетін уақытша атқару премьер-министр Шавкат Мирзиеевке жүктелді.
Заң бойынша уақытша президент міндетін атқаруы керек болған сенат төрағасы
Нығматулла Юлдашев өз еркімен бас тартты. Ал елдің орталық сайлау комиссиясының
төрағасы Мырза-Ұлуқбек Абдусаломов президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетінін
хабарлады.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ