Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетін болды

AstanaTV
16.09.2016ж. 20:00
2433
Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетін болды

Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап, "Sputnik Өзбекстан" сайты хабарлады. Комиссия хабарламасында "Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы саяси кеңесінде Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасы ұсынылды" деп жазылған.

Еске салайық, екінші қыркүйекте Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов көз жұмды. Мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару премьер-министр Шавкат Мирзиеевке жүктелді. Заң бойынша уақытша президент міндетін атқаруы керек болған сенат төрағасы Нығматулла Юлдашев өз еркімен бас тартты. Ал елдің орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлуқбек Абдусаломов президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетінін хабарлады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ