$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Рамазан айында шайтандар кісенделеді. Бірақ не үшін жаман іс тоқтамайды?

AstanaTV
05.04.2023ж. 15:20
2482
Рамазан айында шайтандар кісенделеді. Бірақ не үшін жаман іс тоқтамайды?

Рамазан айында адамдарды азғыратын шайтандар кісенделеді деп айтылады. Ендеше, неліктен жамандық Рамазан айында да жалғасады? Бұл сұраққа Рамазан айына арналған подкаст жобасында республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырмин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Имам көптеген адамдар "шайтандар кісенделеді" деген сөзді әртүрлі шарықтағанын түсіндірді.

"Пайғамбардың "Сендерге Рамазан келді, берекелі ай келді. Бұл айда жәннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылып, азғырушы, қырсық қыңыр шайтандар кісенделеді" делінген хадисі бар. "Кімде-кім бұл айдың хайырынан мақұрым қалса, қол жеткізе алмаса, көп нәрседен айырылғаны, қол үзгені" деген мағынадағы пайғамбарымыздың хадисі бар. Енді бұл хадисті көптеген адамдар "үлкен шайтандар кісенделеді" деген сөзді әртүрлі шарықтаған. "Қырсық, қыңыр шайтандар" деп айтқан дейді, бұл бір ой болатын болса, "шайтандардың үлкендері" болады. Болмаса, басқалары да Рамазан айында да көптеген күнәлі істер жасалуы мүмкін. Егер бәрі кісенделсе, олар қалай болады деген мәселелер туындап отыр. Сондықтан да кейбір ғалымдар бұл бір бөлігі деп айтқан", - деді ол.

Маман адамның жамандық жасауы оның нәпсісіне де байланысты екенін ескертті.

"Жалпы енді бүкіл шайтанға жаба беретін емес (жаба беруге болмайды). Мысалы Құранда Юсуф сүресінде алла тағала "Мен өз-өзімді ақтамаймын, шындығында нәпсі жамандыққа итеруші" деген аят бар. Жалпы адамның өзінің нәпсісі бар. Ішкі тәрбие деген нәрсе бар. Азғыру. Адамның әртүрлі мінез құлқы мен ішкі қалауы, еркі бар. Адам осындай оғаш қылықтар жасап жатса, мүмкін нәпсісінің итергені болуы мүмкін. Немесе көңіл  қалауы, құмарлығы басып, сондай істерге алып кетуі мүмкін. Жалпы "кісенделеді" деген мағына адамдардың көбі құлшылықта болады, сол құлшылықтары арқылы шайтандардың азғыруы немесе мұсылмандарға әсер етуінің күші азаятындығын айтады. Сондықтан да жалпы халық болып үлкен құлшылық жасап, ниет болып ораза ұстаған кезде жеңілдік болады да, ал одан кейін қазасын өтеудің қиын болуы осыдан шығар. Жалпы халық ізгі амалдарда жүрген кезде қоғамға ол сезіле бастайды. Осы тұрғыда сауаптың көп, мейірімділіктің көп жасалуынан шайтанның күнделікті жасап жүрген іс-әрекетін, азғыруға әкеліп жүрген амалдарын көрмейміз", - дейді имам.

Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.