Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскеменде газдың қымбаттауынан жедел жәрдем қызметі жапа шегуде

AstanaTV
16.09.2016ж. 20:00
2448
Өскеменде газдың қымбаттауынан жедел жәрдем қызметі жапа шегуде

Өскеменде сұйылтылған газдың қымбаттауы денсаулық сақтау саласына кері әсерін тигізіп отыр. Отын жетіспеушілігі салдарынан жедел жәрдем қызметі өз бюждетін қайта қарауға мәжбүр. Соңғы аптада газдың бағасы 56 теңгеден 85-ке дейін көтерілген. Бүгін біздің арнамызға берген сұхбатында бас дәрігер Марат Ластаев, жеткізушілермен келіссөз жүргізіліп жатқанын, айтты.

Марат Ластаев, Өскемен қаласы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері:

Жедел жәрдемнің көліктері еш тоқтамайды. Мен бүгін «Капан» серіктестігінің директорымен осы мәселеге байланысты сөйлестім. Әлбетте, газ құны 85 теңгеге көтерілгенде алаңдаушылық болды. Бірақ баға көтерілген жағдайда қаражатсыз, газсыз және жанармайсыз қалмас үшін, біз жағдайды бақылауда ұстаймыз.

Екі жыл бұрын жедел жәрдем қызметінің көліктеріне газ құрылғысы қойылған. Тендерге сәйкес компания жыл соңына дейін газдың  литрін 48 теңге бағамына сәйкес жеткізу керек. Алайда, қазір бұл баға өзгерді. Компания өкілдері шығынға ұшырап отырмыз деп шырылдайды. Жақын арада қалаға газ жеткізіледі, - дейді серіктестік басшысы. Тек көтерме саудадағы бағасы 60 теңгені құрайтынын айтуда. Ал тасымал шығындарын қоса есептегенде, оның мөлшері 2 есеге көтерілейін деп тұр. Газ тасымалдаушылар көгілдір отын пайда болысымен жедел жәрдем көліктері кезек күтпейтін болады деп сендірді.

Аманхан Абайделдинов, «Капан» ЖШС директоры:

Газға байланысты жағдай өте күрделі. Шығынға батып жатырмыз. Министрлік қаулысына сай газ бағасы 110 пайызға көтерілді, ал салық комитеті бізге рұқсат бермейді. Тек 30 пайызға қымбаттаттық. Бұл жәйт бізді қуантып тұрғаны шамалы. Екіжақты жасалған келісім бар. Амал жоқ, соған сәйкес талапты орындаудамыз.

Айбек ҚОСАНОВ