Алматыда Lova Kitchen дәмханасының заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тұрғындар Төле би даңғылындағы Lova Kitchen дәмханасына қатысты өтініш білдірген соң, Алматы МСҚБ бұл ғимаратты тексеріп, олардың жазғы террасасы заңсыз орналасқанын анықтады. Сонымен қатар, құрылыс жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігін алып жатыр.
Мекеме иелерін әкімшілік кодекстің 316, 321 және 323-баптары бойынша жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, "Қамқор-Центр" ЖШС мердігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 319-бабы "Жерге құқықсыз заңсыз құрылыс" бойынша шаралар қабылданды. Сот компаниядан айыппұл өндіріп алып, оны нысанды бұзуға міндеттеді. Меншік иесі бұл шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ қалалық сот оны өзгеріссіз қалдырды.
Заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу бүгін басталды.