$479.05 €534.57 ₽5.17
×

"Ұшақ билеті қарапайым халық түгілі, бізге қымбат", - сенатор

05.04.2023ж. 20:00
992
"Ұшақ билеті қарапайым халық түгілі, бізге қымбат", - сенатор

Ұшақ билеті де қымбат. "Қарапайым халық түгілі, біздің қалтамызға салмақ салады". Сенатор Амангелді Толамисов осылай деді. Әуе билеттерінің бағасы арзандай ма? Министрлік қандай шешімдер қарастырып отыр? Осы және өзгеде ақпараттар ЭКОНОМИКА топтамасында:

Елімізде әуе билеттері қымбат. Бүгін депутаттар құзырлылардан оның себебін сұрады. Сенаторлар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін президенттің әуе билеттерінің бағасын тексеруге қатысты тапсырмасын бұзды деп айыптады. Әуе компанияларынан бағаны төмендетуді талап етпей, тек айыппұл салып жатқанына наразылық білдірді.

Амангелді ТӨЛЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бір адамды жауапқа тартасыздар, біреуді жұмыстан шығарасыздар. Бірақ баға сол беті қала береді. Бұл халықтың қалтасына тиеді.

Ал вице-министрдің айтуынша, әуе билеттерінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды. Компания шығынының 80%-ға жуығы шетел валютасында жүзеге асырылады. Ал әуе компанияның табысы теңгемен түседі. Осыған байланысты өз шығынын өтеу үшін әуе компаниялары бағам қысымына байланысты билеттер құнын реттеуге мәжбүр. Былтыр елімізге 14- ұшақ сатып алынса, биыл тағы 11-і жеткізіледі. Бұл билет бағасының арзандауына оң серпін береді дейді,-министрлік өкілі. Сондай-ақ, Fly Arystan-ды Air Astana-дан бөлу көзделіп отыр.

Алмаз ЫДЫРЫСОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес, 2024 жылы «Эйр Астана» АҚ-дан жеке заңды тұлға ретінде Fly Arystan құрылымдық бөлімшесінің бөлінуі ескеріліп отыр. Бұл қадам бәсекелестік ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсеке арқылы әуе билеті құнын төмендетуге оң әсер етеді

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ:

Жылу энергетикасы саласындағы құзыреттер қайтадан бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Оның сөзінше, «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасы Азия даму банкі жұмылдырған халықаралық сарапшылардың техникалық қолдауымен әзірленді. Осы арқылы министрлік жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізуді көздеп отыр. Яғни аумақтарды дамыту, тұрғын үй құрылысы, халық санының артуы, өнеркәсіпті дамыту жоспарлары мен бағдарламалары және басқа да факторлармен өзара байланысты жылу энергетикасының жоспарлы үдемелі дамуын қамтамасыз етуге арналған. Аталған тетік биыл пилоттық жоба ретінде енгізіледі.

Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Мастер-жоспарлар елдімекендердің техникалық бөлігі бойынша дамуын ескере отырып, жылу желілерінің дамуын және жылу көздерінің қажетті жылу қуатын ғана емес, сонымен қатар осы мәселенің экономикалық жағын да ескеретін болады. Жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарлары жергілікті атқарушы орган деңгейінде әзірленеді және бекітілді.