Әзілкеш, "Назар аудар" театрының мүшесі Ақболат Өтебаев жақында "Маған назар аудар" атты кинотуындысын көпшілікке ұсынған болатын. Кинотеатрдан көрсетілген фильмнен 1 млрд теңге табыс тапқанын айтқан әзілкештің сұхбатын Асхат Садырбай Instagram парақшасында бөлісті.
"Пайдалы болайық деп ниеттеніп едік, Құдай өзі тойдырып тұрып, пайдасын берді. Ризығын есептеген жоқпыз. Бір млрд теңгеге жақындап қалды. Ал фильмнің бюджетіне жүз млн теңгеден асып кетті. Шынымды айтсам, мен үйдің ақшасын да санамаймын. Үйде ақшаны әйелім ұстайды. Керегін ғана сұрап алып жүре беремін. Ақшаны жақсы көріп кеткен де жаман", - Ақболат Өтебаев.