"Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы Энсли Мэйтленд-Найлз Катя есімді қазақстандық қызбен көңіл жарастырып, өзінің агенті саналатын анасын үйден қуып жіберген. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Энсли Мэйтленд-Найлз - "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы. Ол Катя есімді қазақстандық бойжеткенмен көңіл қосып, ортақ сәбилерін тәрбиелеуде. Катя туралы көп мәлімет жоқ. Белгілісі - ол Қазақстан тумасы. Бүгінде ойыншы сүйіктісін үлде мен бүлдеге орап қойған. Бірақ осы уақытқа дейін өзінің агенті болған анасы 2018 жылдан бері үйсіз жүр. Бұл туралы футболшының анасы англиялық басылымдарға берген сұхбатында айтты. "Энсли екі апталық жалақысына маған бір үй алып бере алатын еді. Оған не істеп қойғанымды білмеймін", - дейді ойыншының анасы Джули. Қазіргі таңда Энсли "Саутгемптонға" жалға берілген.