$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Шетел валютасы қайта арзандады

06.04.2023ж. 20:00
976
Шетел валютасы қайта арзандады

Доллар қайта арзандады. Қор биржасында оның бағамы 446 теңге болды. Экономистер АҚШ валютасының бұлайша құбылуына күн жылынуына байланысты туризмнің жандануына әсер етіп отырғанын айтады. Яғни кіріс-шығыс балансы доллар бағамының тұрақсыздығын тудырып отыр. Оған қоса мұнай бағасының өсуі де теңгенің нығаюына оң ықпал жасайды дейді.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Теңгенің қуаттанғанына, меніңше, мұнайдың бағасының өскені әсер етті. Мұнайдың бағасы өссе, бізге валюта көбірек түседі. Валюта көп болғаннан кейін оған сұраныс сәлде болса азаяды да, теңгеге сұраныс көбейеді.