$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алғашқы көлікті Ердоғанға сыйлады

AstanaTV
07.04.2023ж. 14:47
866
Алғашқы көлікті Ердоғанға сыйлады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі елде шығарылған TOGG электромобилінің алғашқы иелері атанды, деп хабарлайды massaget.kz.

TOGG T10X, C класты кроссовер Анкарадағы президент сарайында өткен салтанатты шарада конвейерден жаңа шыққан, екі түсті – қызыл және қою көк түсте ұсынылды. Қызыл түс Түркияның бірінші ханымы Әмина Ердоғанға арналған.

Түркия президенті "Анатолу" деп аталатын қызыл көлікті басқарды. Алайда алдағы уақытта қою көк көлікпен жүретінін айтты.

"Бүгін біз халқымыздың 60 жылдық арманының орындалғанының куәсі болдық. TOGG рекордтар жаңартты және бұл біздің жеке көлігіміз", - деді Ердоған.

2022 жылдың қазан айында Бурса провинциясының Гемлик қаласындағы түрік электромобиль зауыты электромобильдердің сериялық өндірісін бастады және оған Ердоғанның өзі қатысты. Болашақта бұл зауыт 6 түрлі түсті электромобильдердің 5 нұсқасын шығарады.

Әзірге екі модель шығарылды. Олар: TOGG T10X SUV C класындағы жол талғамайтын көлік және TOGG T10S седан. Жобаға 13 жыл ішінде 3,7 миллиард доллар инвестиция салынады. Сондай-ақ осы жылдың қазан айында электромобильдің екінші нұсқасы – седанның тұсауы кесілетіні хабарланды.

TOGG бас директоры Гуржон Каракош журналистерге жылына 100 мың көлік шығаруды жоспарлап отырғандарын айтты. Өндірістік қуаттылық бұл көрсеткішті жылына 175 000-ға жеткізуге есептелген. 2030 жылға қарай бір жылда құрастырылатын көліктер саны жарты миллионға жетеді.