Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылжар өңірінде үш адам пештің түтініне тұншығып өлді

07.04.2023ж. 20:00
1639
Қызылжар өңірінде үш адам пештің түтініне тұншығып өлді

Қызылжар өңірінде үш адам пештің түтініне тұншығып, көз жұмды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында Новоселов ауылында болған. Бүтін бір отбасы мүшелерінің үйде ес-түссіз жатқанын туысқандары көрген. Ерлі-зайыпты мен олардың қызы иіс тиіп, оянбаған. Ал ұлы тірі қалыпты. Қазір ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде. Төтенше жағдай мамандары олар пеш дүрбісін ерте жауып тастаған болар деген алдын ала болжам жасап отыр.

Дмитрий РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пештен газ көзге көрінбейді, иісі де жоқ. Сондықтан пешке аса қырағылықпен қарау керек. Дүрбіні мүлдем жаппаған дұрыс. Жыл басынан бастап 24 адам газдан жапа шекті. Жалпы өңірімізде болған өрттің 80 пайызы жеке үйлерде орын алады.