$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Қараөзек ауылында суға батқан трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр

AstanaTV
07.04.2023ж. 20:00
1398
Қараөзек ауылында суға батқан трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Ақмола облысы Қараөзек ауылында 34 жастағы тракторшы іздестіріліп жатыр. Ол түнгі 4 шамасында жолдан өтіп бара жатып, техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен. Судың ортасында трактордың төбесі ғана көрінеді. Ал жүргізуші жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ол суға ағып кеткен болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлері іздеу құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Санат ЕСЕТОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Судан трактормен өтемін деп, трактордың руліне ие бол алмай, сайға түсіп белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Осыған орай жедел құтқару қызметі жасағынан төрт адам,1 бірлік техника, полиция бөлімі қызметкерлерінен жеті адам, 3 бірлік техника іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ауылды қызыл су басқан. Көшелермен жүру мүмкін емес. Тілсіз жау бірнеше үйге де залал келтірді. Кей жерлерде су ң деңгейі тізеге жетеді.

С. Оралбеков