Түркістан облысында 43 тонна қызанақтан қауіпті вирус анықталды. Сарыағаш ауданында орналаскан шекарадағы фитосанитариялық бақылау бекетінің мамандары Түркіменстан, Өзбекстан және Иран елдерінен жеткізілген томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан.
Ибрагим БЕГАСЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызыға дейін елеулі зиян келтіреді.
Мамандардың айтуынша, аталған аурулар соңғы үш жылда Еуропа, Азия және Америка, сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде анықталған. Биыл инспекция 20 заң бұзушылықты анықтаған, оларға 2 173 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, өнімдер кері қайтарылған.