Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматылықтар қоғамдық әжетханалардың жұмысына наразы

07.04.2023ж. 20:00
677
Алматылықтар қоғамдық әжетханалардың жұмысына наразы

Алматыда қоғамдық әжетханалар жұмысының әлегі басылмай тұр. Тұрғындар мен қоғам белсенділері «қалада дәретхана тапшы» дейді. 2021 жылы Туризм басқармасы қалада 20 санитарлық – гигиеналық торап орнатқан еді. Алайда, бүгінде 160 млн теңгеге сатып алынған 20 әжетхананың бірі істесе, енді бірінің есігі жабық. Жауаптылар бұған не дейді? Тілшіміз Мөлдір Жақан біліп келді.

Театр киім ілгіштен, ал. Әдетте, «Алматы - туризм қаласы» деп кеуде қағамыз. Алайда, мұнда халықтың сапалы демалысы үшін қажетті бір мәселе тасада қалғандай. Ол - қоғамдық әжетханалар. Тұрғындар қаладағы қоғамдық әжетханалардың жиі істен шығып қалатынына наразы.

БЛИЦ:

- Көп жерде кіргізбейді әжетханаларға кафелерге кіре салайын десең. Ақылы болса да кірер едік мынандайларға. Бірақ ол жабық тұрады көп жерде. амал жоқ, елдерге жалынумен боламыз.

- Қоғамдық әжетханалардың болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, кейбір адамдар табиғатқа кері әсерін тигізіп, жан-жаққа отыра салады. Ол дұрыс емес.

- Демалуға келген халыққа ыңғайсыз. Тем более мына Арбатта халық демалып көп жүреді. Шетелдік туристерден өте ұят. Қоғамдық әжетханалар-мәдениетіміздің көрінісі.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Біз қаланың қақ ортасында орналасқан қоғамдық әжетханалардың біріне келдік. Әжетхана жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін. Мұнда кіру үшін 50 теңге төлеу керек. Ақшаны салдым, бірақ оны қабылдамады. Әжетхананың есігі де жабық.

Қоғам белсенділері «Туризм басқармасы орнатқан 20 әжетхана Алматыдай мегаполис үшін аздық етеді»,- дейді. Оған қоса олардың тәулік бойы жұмыс істемейтіндері де тұрғындар үшін ыңғайсыздық тудыратынын айтады.

Богдан ДЖЕПКА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Бұл сұрақ өткен жылдан бері өзекті. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені бақылауда ұстауға тырысады. Тұрғындарды да мониторинг жүргізуге шақырамын. Қалада қоғамдық әжетханалардың саны өте аз. Мәселең, Түрксіб ауданында мүлдем дені дұрыс қоғамдық әжетхана жоқ. Ерекше жандар үшін де жағдай жасалмаған.

Ал туризм басқармасының өкілдері санитарлық-гигиеналық тораптардың неліктен жиі істен шығатынын былай түсіндірді.

Айбол МҰРАТХАН, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қыс кезінде суық кезең болды. Құбырлар қатып қалу себебімен кейбір мән -жайларға байланысты істен шығуы. Сонымен қатар монетоприемник деген құрылғы бар. Соның істен шығуы. Оны біз шетелден тапсырыс береміз. Оның келуі апталап созылады, бір айға дейін жуық созылып кетеді. Сол себептен тораптар өкінішке қарай жабылып қалады.

Басқарма қызметкерлері қоғамдық дәретханалардың жекеменшік компанияға сенімгерлік басқаруға берілгенін жеткізді. Орын алған олқылықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Алайда басқарма алдағы уақытта жаңа санитарлық-гигиеналық тораптарды орналастыру жоспарда жоқ дейді.