$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Қарағандыда 20 жастағы қыздың немен айналысып жүргені белгілі болды

AstanaTV
07.04.2023ж. 21:30
1064
Қарағандыда 20 жастағы қыздың немен айналысып жүргені белгілі болды

Қарағандыда психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті қыз ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaquni.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сақтау және өткізу қылмысына қатысты күдікті қызды ұстады. Тінту барысында одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленді. Ол тұратын пәтерді тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапты. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған.

"ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ұсталған қыз қамауға алынды.