$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Шығыс Қазақстан облысында 20 адамды кене шақты

AstanaTV
10.04.2023ж. 09:43
Шығыс Қазақстан облысында 20 адамды кене шақты

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз айының аяғынан бастап осы уақытқа дейін өңір аумағында 20 адамды кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде Өскемен қаласында – 12, Глубокое, Ұлан және Алтай аудандарында – 2 адам кенеден зардап шеккен.

«Статистика көрсеткендей, кене энцефалиті эпидемиологиялық маусымында облыс бойынша көп жағдайда Өскемен тұрғындары ауруханаға жүгініп жатады. Ересектер №4 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне, ал балалар Ана мен бала орталығында қаралады. Бүгінгі таңда жалпы Шығыс Қазақстанда зардап шеккендерге және кене энцефалитінің алдын алу үшін халыққа салынатын иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті», - делінген ақпаратта.