Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырып, талдырып тастаған

AstanaTV
10.04.2023ж. 12:46
796
Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырып, талдырып тастаған

Петропавлда жол ақысын төлемеген 67 жастағы қария автобус ішінде жүргізушіні талдырып құлатты деп хабарлайды Stan.kz.

 Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 "М" бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

“ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, - делінген хабарламада.