Қызылордада 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, бір жеткіншек пышақ жарақатын алды деп хабарлады turkystan.kz
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Тиісті ем-домын алғаннан кейін үйіне жіберілді.
Осы оқиғаға байланысты қаладағы мектеп-лицейлердің бірінде директордың екі бірдей орынбасары жұмыстан шығарылды. Олар өз міндетін дұрыс атқармай, қателік жібергені үшін орнын босатқан. Ал мектеп директорына қатысты қатаң жаза қолдану жайы қарастырылып жатыр.