Елімізде Төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ратификацияланды.
Келісім Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың Қазақстан аумағында болуы және жұмыс істеуі мәселелерін реттеуді көздеп отыр.
"Келісімге сәйкес Орталықтың мүлкі мен активтері әкімшілік араласудың немесе соттың араласуының кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады. Бұдан басқа, Орталықтың үй-жайлары мен көлік құралдары, сондай-ақ оның архивтері мен құжаттары, оның ішінде қызметтік хат-хабарлары қай жерде тұрғанына қарамастан тінтілуге, реквизициялануға, тәркіленуге және Орталықтың қызметіне кедергі келтіретін кез келген басқа араласу нысанына жатпайды", - деп атап өтті Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров.
Тиісті құжат Президентке қол қоюға жіберілді.