Негізгі / Жаңалықтар / Емханаларда педиатрлардың қабылдауы жанданады

Емханаларда педиатрлардың қабылдауы жанданады

Емханаларда бала дәрігерлерінің қабылдауы қайта қолға алынатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі  Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында айтты.

Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Біз қазір жергілікті билік органдарымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен балаларды қабылдайтын емханалардың бөліну мәселесін қарастырып жатырмыз. Осы бағыт қазір талқылану үстінде. Балаларды педиатрлардың жеке қабылдауы бойынша сұрақты жылдың соңына дейін шешеміз деп ойлаймын.