$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Ерекше ауызашар: 1900 метр биікте тамақ дайындағандар жұртты тәнті етті

AstanaTV
13.04.2023ж. 12:37
1218
Ерекше ауызашар: 1900 метр биікте тамақ дайындағандар жұртты тәнті етті

Тау басына шығып ауызашар жасаған блогерлердің видеосы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 640 мыңнан аса қаралым жинаған.

 "1900 метр биіктіктегі ауызашар", - делінген жазбада.

Кадрлардан TikTok әлеуметтік желісі арқылы танымал Нұртөре Әбдіхалық пен Биболаттың "Жапон жолы" атауымен танымал тауға шыққаны көрінеді.

Желі қолданушылары ерекше көрініске жағымды пікірлер жазған.

"Ерінбей шығыпсыңдар, жарайсыңдар", "Күшті", "Қандай керемет", - дейді олар.

Сондай-ақ, жігіттер тамақ дайындау барысында қасық пен шанышқы, сұйық май ұмытып кеткендерін біледі.

"Жаңа май мен қасық, шанышқы жоқ деген видеоны көріп едім, астына барып алып келдіңдер ме, не істедіңдер?" - деп әзілдеген Желі қолданушыларының бірі.