$498.51 €522.84 ₽4.81
×

"Үш рет түсік тастадым": 39 жасында алғаш ана атанған әнші Дильназ Ахмадиева алты рет ЭКО жасатқанын айтты

AstanaTV
13.04.2023ж. 16:00
1641
"Үш рет түсік тастадым": 39 жасында алғаш ана атанған әнші Дильназ Ахмадиева алты рет ЭКО жасатқанын айтты

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жалғыз перзентін ұзақ күткенін айтты,-деп хабарлайды Stan.kz

Эстрада жұлдызына 39 жасында ана болу бақыты бұйырыпты.

“Өмірім мен шығармашылығымды бақылап жүретін тыңдармандарым жалғыз ұлымды 9 жыл күткенімді біледі. Сөйтіп 39 жасымда ұлым Зейдан дүниеге келді. Жасымды санамағанда жүктілік кезінде ешқандай қиыншылықтар болмады. 6 наурызда сахнада өнер көрсетіп жүрдім де, 14 наурызда босандым. Мен босанған кездер еліміздегі пандемиямен тұспа-тұс келді. Ауруханада дәрігерлер аз, мен бірінші рет босанып тұрмын, көп нәрседен хабарым жоқ. Бірақ босанғаннан кейін қатты азып кеттім. Перзентханаға 63 келі болып барып, 53 келі болып шықтым. Араға екі ай салып, салмағым 47 келіге дейін түсті”, – дейді әнші.

Өнер иесі бала көтере алмай қиналғанын, амалсыздан ЭКО жасатқанын да мойындады.

“Мен екінші рет босануға қорқамын. Әйел адам баланы жас кезінде туу керек, денсаулығы да жақсы болғаны жөн. Денсаулығым сыр беріп, ЭКО жасаттым. Екі рет жатырдан тыс жүктілік болды, төрт рет бала түсіп қалды. Сол себепті дәрігерім денсаулығыңды құртпа деп кеңес берді. Ұлым Зейданды да ЭКО-мен көтердім. Бірінші күйеуімнен де бала көтере алмаған соң ЭКО жасаттым, бірақ үш ретінде де үш апталықтарында түсік тастадым. Дәрігерлер мұның себебін таппады. Кейін екінші рет тұрмысқа шығып, ұлыма аяғым ауыр кезде жүктіліктің үшінші аптасын күттім. Шетінеп кете ме деп қорықтым. Қуануға қорықтым, ешкімге ештеңе айтпадым, жүктілік туралы ешкіммен сөйлеспедім. Тіпті анама да айтпадым. Қорқынышты түстер көріп көріп, түн ортасында шошып оянған кездерім де болды. Алты апталығында арқамнан жүк түскендей болды”, – деді ол ақтарыла сөйлеп.