$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мектепте оқ атқан 21 жастағы жігіт өмір бойына сотталды

AstanaTV
13.04.2023ж. 16:37
928
Мектепте оқ атқан 21 жастағы жігіт өмір бойына сотталды
Ильназ Галявиевтің 2021 жылы түсірілген суреті. Сурет: Natalia Kolesnikova/AFP via Getty Images

Қазан мектебінде оқ атып, балалар мен мұғалімдерді өлтірген Ильназ Галявиев жаппай кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Ильназ Галявиев Қазан гимназиясында жасаған қанды қырғын үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады басылым тілшілері.

Еске салайық, 2021 жылдың 11 мамырында Қазан қаласындағы (Татарстан Республикасы, Ресей) №175 гимназияда оқ атылған болатын. Тоғыз адам қаза тапты, оның жетеуі-бала, 23 адам жарақат алды.

Оқ атқан 19 жастағы сол мектептің түлегі Ильназ Галявиев болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарында атыс ұйымдастырған Галявиев 2021 жылдың сәуір айында колледжден шығарылғаны, сол кезде оның төртінші курста оқығаны туралы ақпарат пайда болды. Білім беру мекемесінде оған жанжал шығармайтын, тыныш студент болғаны жайлы мінездеме берген.

Биыл наурыз айының соңында прокуратура 21 жастағы Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Мемлекеттік айыптаушы оны бес жыл түрмеде, одан кейін ерекше режимдегі түзеу колониясында өткізу керек деп есептеді.