$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Астана әуежайының маңында өрт шықты

AstanaTV
13.04.2023ж. 15:50
839
Астана әуежайының маңында өрт шықты

Астана әуежайының маңында алапат өрт шықты. Әлеуметтік желіде қою түтіннің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сол жағалау тұрғындары әуежайдан шығып жатқан қою түтінді видеоға түсіріп алған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 сәуір сағат 12:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелеріне әуежай аумағынан өр шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Келген кезде 1 гектар аумақта кепкен ағаш пен қамыс өртеніп жатқаны анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында елордалық ТЖД-нің 14 адамы мен 3 техникасы өртті жою үшін жұмыс істеп жатыр.