$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Астана әуежайы маңындағы өрт аумағы ұлғайып барады

AstanaTV
13.04.2023ж. 16:48
1152
Астана әуежайы маңындағы өрт аумағы ұлғайып барады

Елордалық өрт сөндірушілер Астана әуежайының аумағында құрғақ шөп өртін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы үш гектарға дейін ұлғайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша, құрғақ шөп пен қамыс өртенген аумақ бір гектардан үш гектарға дейін өскен.

"Қазіргі таңда өртті Астана ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техника, қала әкімдігінің 4 су шашатын машинасы сөндіріп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Шөптің құрғақ болуына және жел соғуына байланысты өрттің жылдам таралуы сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр", - делінген хабарламада.