Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының «Еркін пікір» дискуссиялық клубы - жастар арасындағы өзекті мәселерді шешу алаңы

AstanaTV
20.09.2016ж. 20:00
2859
«Нұр Отан» партиясының «Еркін пікір» дискуссиялық клубы - жастар арасындағы өзекті мәселерді шешу алаңы

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы «Еркін пікір» дискуссиялық клубы жоба аясында жастармен бірлесіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын талқылады. Жастар саясаты басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиевтың айтуынша, аймақта бүгінде жастардың белсенділігі артып келеді. Оған 2 мыңға тарта жас топтастырған қайырымдылық шараларымен айналысатын оннан астам волонтерлық ұйымның жұмысы дәлел. Сондай-ақ оларды жан-жақты қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар да жеткілікті. Тұрғын үймен қамтитын «Қолжетімді баспана», «Жас Отау» бағдарламалары да бар. Дегенмен, жастар арасындағы баспана  проблемасы басты мәселе күйінде қалып отыр. Отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы  Болат Тахауовтың айтуынша, ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген  мүмкіндігі шектеулі споршы жастардың көпшілігін пәтер мәселесі қынжылтады.

Болат Тахауов, отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы:

Спортпен шұғылданмен қоймай, Қазақстанда және әлемдік деңгейде жарыстарда үлкен жеңістерге жетіп, еліміздің атын әлемдік деңгейге жеткізіп жүр. Сол жастарға бүгінгі күні көбірек жағдай жасалса, бірінші - баспана мәселесі.

«Еркін пікір» дискуссиялық алаңы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен ай сайын өтіп тұрады. Ауыл жастарының үнін тыңдау үшін аудан, ауылдарда өткізу де жоспарда бар.

Дана Жайлаубаева, «Нұр Отан» партиясы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында жастар арасында патриоттық тәрбие, оның бағытында жүргізіліп жатырған облысымыздағы жастар саясаты мәселелері, соның ішіндегі спортты дамытудағы атқарып жатқан шаралар туралы бүгінгі тақырыпты ортаға шығарып отырмыз. "Еркін пікір" отырыстары біздің жастарымызды сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға, сөз сөйлеу мәнерін қалыптастыруға, жалпы, қоғамда өзіндік ой-санасын дамытуға, көзқарасын білдіруге бағытталған үлкен тәрбиелік алаң деп есептейміз.