$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Оралдық кәсіпкерді пышақтап өлтіргендер 15 жылға сотталды

13.04.2023ж. 20:00
1208
Оралдық кәсіпкерді пышақтап өлтіргендер 15 жылға сотталды

Оралдық кәсіпкерді тапа тал түсте көпшіліктің көз алдында пышақтап өлтірген жігіттердің екеуі де 15 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейтін олар жәбірленушінің отбасына 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді. Бірақ үкіммен сотталушылардың туыстары келіспейді. Олардың айтуынша, кәсіпкерді өлтіруге оның әйелі тапсырыс беріпті. Сондықтан сотталушылар бұл жерде орындаушы ғана. Ал істің ұйымдастырушысы тасада қалды, дейді сотталушының туысы.

Алтын ҚАДЫРБЕКОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ:

Жәбірленуші болып отырған әйелі некеде емес. Оның некелі әйелі бар. Ол жәбірленуші статусын қалай алғанын түсінбейміз біздер. Сол заказ берген! «Гүлшетай» мейрамханасының артына барып, қазір мініп жүрген «Прадо» ма, сол ақ машинаның ішінде Тұрлан артында отырып телефонмен жазып отырған. Сосын берген ақшаның қайда екенін білеміз.

Айта кетелік, оралдық кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті өз кафесінде бірнеше рет пышақтап өлтірген еді. Қылмыскерлер бірнеше күннен кейін қаладағы саяжайлардың бірінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.