Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Қажылық парызын өтегендердің алды Шымкентке табан тіреді

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
2343
Қажылық парызын өтегендердің алды Шымкентке табан тіреді

Қасиетті Меккеге қажылыққа аттанғандардың алды елге оралды. Мұсылманның бесінші парызын өтеп қайтқан жамағатты Шымкент әуежайында олардың туған-туыстары құшақ-құшақ гүлмен күтіп алды. Бұл қажылыққа аттанғандардың  қатарында туған жерге табан тіреген алғашқы топ. 384 адам.

Айта кетейік, еліміз бойынша биылғы жылы үш мыңдай азамат қажылық сапарға аттанған болатын. Соның үштен бірі - оңтүстікқазақстандық. Елге жеткендердің барлығы да дін-аман.

Мұрат Хидуалов:

Мәдинада болдық, Меккеде болдық. Арафат тауында барлық дұғаларды жасадық, бүкіл қазақ елі аман болсын деп. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп.

Жайлаубала Төлепова:

Тәуелсіздіктің арқасында осындай ата-бабамыз бармаған жерге барып, сол жақта зиянат қылып, қуанышта, туған-туысқандарымды көріп, жылап тұрмын. Жұғысты болсын барлықтарыңызға. Керемет. Еліңе келіп түскендегі қуанышты айта алмаймын. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ