Елімізге белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында арнайы қонақ болып, көпшіліктің алдында Тоқтар Серіковтен бұйымтайын сұрады.
"Қарағандыдағы тойда ағамыз: "Тұлпарларым бар", - деп айтты. "Ойбай, айналайын, саған неге бір құлынды бермеске?! Атадым" - деді.Бірақ өзім сұрамадым сол күйі. Ағамен де кездеспейміз. Кездескен кезде де ат сұрайтындай жағдайда кездеспейміз. Бірақ бір сұрарым бар әлі, өсіп қалған шығар. Аға, Тоқтар аға, құлынымды беріңізші маған", - деді Қ. Әлжаппаров.
Айта кетелік, бұған дейін Қанат Әлжаппаров орысша өтетін тойларды басқара алмайтынын айтқан болатын.