$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға басымдық берілмек

14.04.2023ж. 20:00
1173
Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға басымдық берілмек

Қазақстандық үлесті арттыру, импорттық тауарларды азайтып, өндірісті халықаралық талаптарға сәйкестендіру. Осы және өзге де мәселелер мұнай-газ машина жасау саласын дамыту тақырыбында өткен форум барысында талқыланды. Бүгінде саланың тауар сатып алу мен қызмет көрсету үлесінің 75 процентке жуығы үш ірі отандық операторға тиесілі. Ендігі мақсат бұл жұмысты біріздендіріп, жүйені автоматтандыру, өнім шығару мен қызмет түрлерін арттыру. Қазір бұл орайда жергілікті нарықтың әлеуетін терең зерттеуге ден қойылып отыр.

Алтай КӨЛГІНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің отандық зауыттар халықаралық дәрежеге жетіп, шығаратындай дәрежеге жетті. Соны біз дұрыс пайдалансақ сонда бізде жаңа жұмыс орындар пайда болады, біздің мамандар сол халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жасайды және біздің жергілікті компаниялар шетелдік үздік кәсіпорындармен бірге бірлескен кәсіпорындар ашса, біздің технологиямыз жалпы өндірістің дамуы жаңа дәрежеге шығатыны сөзсіз.

Марат КӘРІМОВ, МҰНАЙ-ГАЗ МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Үш жобада қолданылатын жабдық бірегей және оларға ерекше талап қойылады. Біріншіден, бұл күкірт сутектің жоғары концентрациясы және жоғары қысым. Сондықтан, бүгін айтылғандардың барлығы осы жобаларда қолданылатын стандарттар туралы болды. Біз өз жұмысымызда ағылшын жүйесінде кодтауды қолданамыз. Бүгінгі таңда біз А тобындағы тауарлар бойынша деректерді толығымен өңдедік.