Үстел теннисі федерациясы мен Olimpbet букмекерлік компаниясы серіктестік келісімшартқа қол қойды. Елімізде қанатын енді жайып келе жатқан спорт түрін ауылдық жерлерде де дамытпақ. Оған букмекерлік кеңсе қолдау көрсетеді.
Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін стол теннисі Олимпиада ойындары қатары енді. Содан бері осы спорт түріне қызығушылық танытатындар артқан. Елімізде де стол теннисінің шеберлері көбейіп келеді. Бірақ жаппай айналысып жатқан жоқ. Бұқаралық сипат алу үшін аудан, ауылдық жерде дамыту маңызды. Басқосуда осы мәселе көтерілді. Арнайы үйірмелер ашылса, жаттықтырушылардың деңгейі өссе шеберлер шығатыны анық. Яғни, Олимпиада чемпиондарын дайындаудың қадамы болмақ.
Ильсияр ҚАНАҒАТОВ, ҚР ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Спорттық объектілер салынып жатыр. Жаттықтырушылардың біліктілігін өсіру мәселелерінде семинарлар өткізіліп жатыр. Сондықтан мынау Olimpbet компаниясы өздеріңіз білесіздер спорт саласына көптеген қол ұшын беріп жүрген сондай бір компания. Спорттық клубтарға, спортшыларға. Сондықтан біздің федерациямен бірігіп осы үстел теннисін дамытуда жұмыс атқарамыз деген біз ризашылығымызды білдіріп отырмыз.
Үстел теннисін күрес, бокс сынды спорт түрлері секілді болашақта Олимпиада чемпиондарын шығару мақсаты қойылды. Бүгінде бұл спортпен 230 мыңнан астам адам айналысады. 300 ден асам жаттықтырушы бар. Серіктес атанған букмекерлік кеңесе арнайы талап қойды.
Андрей ЖАРКОВ, «OLIMPBET БК» ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:
Біз демеушілік көрсетіп аударған ақша нақты түрде спортшылардың дамуына жұмсалу қажет. Біз республикалық, облыстық, қалалық жарыстардың өтуіне де ат салысатын боламыз. Және де спортшыларға жекелей де көмек көрсету жолында аянып қалмаймыз. Толығырақ айтсақ жаттықтырушылардың деңгейін өсіреміз, мастер класстар жиі өткізіп тұрамыз, спортшыларды жеке-жабдықтармен қамтамасыз етеміз.
Үстел теннисі бұқаралық сипат алу үшін кешендер қатарын көбейту жоспарланып отыр. Мамыр айында ұлттық құрама Оңтүстік Африка республикасында өтетін байрақты бәсекеге қатысатын болады.
М. Жолдыбалин