$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды

AstanaTV
14.04.2023ж. 21:05
Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды

Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды. Бұл туралы ҚазАвтожол қызметі хабарлады.

«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі сәтте жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр.