$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызды туған күнімен ерекше құттықтады

AstanaTV
15.04.2023ж. 12:06
1978
Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызды туған күнімен ерекше құттықтады

Отандық әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Өнер иесі жұбайына деген лебізін Instagram парақшасында жариялады.

"Жұлдызым, қаншама жыл бұрын жүрегімді қозғаған саған деген сезімім жыл өткен сайын күшеймесе, әлсіреген емес. Жеткізуге сөзім жетпесе, де жүрегің сезеді деп сенемін. Ұрпағымның анасы, көңілімнің көктемі мен сені бұрынғыдан да жақсы көрем. Сенің бақытты сәттеріңнің көп болуын Алладан сұраймын, қолдан келгенін жасаймын. Туған күніңмен", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Ал желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі. "Әдемі жұп", "Бақытты болыңыздар", "Қосағыңмен қоса ағар", "Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін", - деп жазды.