$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды

AstanaTV
15.04.2023ж. 12:37
901
Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды

Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, 14 сәуірде сағат 18:23-те "102" арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деді ведомство.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.